Өңірдегі дәрігерлер миллиондаған қаржыға білімдерін жетілдірді

250
04.11.2021 04:38

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы бар болғаны 5 дәрігердің біліктілігін арттыруға бақандай 7 млн 300 мың теңге шығындаған. Яғни әр адамға 1 млн 400 мың теңге жұмсапты. Дәл осындай курсты алматылық 20 дәрігер 600 мың теңгеге оқыған екен. Статистика бойынша елімізде мұндай курстардың орташа бағасы 50-60 мың теңгеден аспайды.

Алайда, облыстың бас дәрігері мамандардың білімін  Қазақстанда емес, Түркияда жетілдіргенін айтады. Сондықтанда оқу қымбатқа түскен. Әрмен қарай ақ халаттылар отанға оралған соң тоқығанын өзге әріптестеріне үйретуге міндеттелген екен