Түркістан
EN

Сайрам ауданында тұрғындардың атынан заңсыз несие рәсімдеген банкир ұсталды

437
04.11.2021 09:31

Сайрам ауданында жүзге жуық тұрғынның атынан несие алған банк қызметкері қолға түсті. Әуелі аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданған. Әйелдің айтуынша, белгісіз біреу оның атынан 3,5 миллион теңгеге несие рәсімдепті.

Банктен қарызыңызды төлеңіз деген хабар келгенде ол бірден полицейлерге хабарласқан. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Тергеу барысында ол алаяқтық әрекетті сыбайласы екеуі жасағаны анықталды. 

️