Шардара ауданында үш мыңнан астам тұрғын баспана кезегінде тұр

212
04.11.2021 04:34

Бүгінде баспанаға қол жеткізу еліміздің барлық өңірінде өзекті мәселеге айналып отыр. Халық көп шоғырланған Шардара ауданының өзінде үш мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. 9 айдың ішінде оның 40 шақтысы ғана тұрғын үйге қол жеткізген. Мұндай қарқынмен кезекте тұрған адамдарды түгел баспанамен қамту мүмкін емес, дейді аудан басшысы.

Десе де 6 көпқабатты үйдің құрылыс жұмыстары үшін өкіметтен қаржы бөлуді қарастырып жатыр екен. Оның бюджеті 3,2 млрд теңге.