Түркістан
EN

Түркістан қаласында “SOS” бастырмасы іске қосылды

357
03.11.2021 09:54

Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ғана жұмыс істеген «SOS» батырмалары енді Түркістан қаласында қолданысқа берілді. Қала тұрғындары мен қонақтарына жедел түрде көмек көрсету мақсатында орнатылған құрылғыны пайдалану да өте оңай. Егер қауіпке тап болсаңыз  бірден батырманы басасыз.

Орын алған жайт бойынша хабар тікелей полиция қызметкерлерінің жедел желісіне түседі. Оператор дереу жақын маңдағы тәртіп сақшыларын көмек қажет орынға бағыттап, қылмыс пен тәртіпсіздіктің алдын алады. 

️