Түркістанның аруы тиесілі тәжі мен сый-сияпатына бүгін қол жеткізді. Карантиндік шектеуге байланысты биыл сұлулық байқауы үміткерлерді онлайн іріктеді. Олар арнайы порталға жариялаған сурет-видеодан бөлек, zoom конференциясында әділ-қазылардың сұрақтарына жауап берген. Айта кетерлігі, республикалық байқаудың таңдау кезеңі жерлестерімізден басталған.
Жылдың ең сұлу аруын анықтайтын «Мисс Қазақстанға» Түркістанның атынан 18 жастағы Сұлтанбибі Шахипова қатысады. 50 қыздың арасынан ерекшеленген ару сұлулық сайысына үлкен дайындықпен бармақ. Еліміздің ең сұлу аруының кім болары 16 қараша күні белгілі болады.
️