2022 жылы Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға 14 млрд теңге бөлінбек. Ал биыл осы бағытта 1321 іс-шара өткізіліп, оған 110 мыңнан аса адам қатысқан. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев 9 айда атқарылған жұмыстарға есеп берді. Оның айтуынша қазіргі уақытта аймақтағы халықтың спортпен қамтылуы 33,8 пайызды көрсетіп отыр. Ол үшін облыста 4567 спорт нысаны жұмыс істеп тұр, оның 38-і биыл ашылған.
️