Қазақстанда су үнемдеу жабдықтарын шығаратын 7 зауыт жұмыс істейді. Олар су үнемдеу және тамшылатып суару жабдықтарын және жаңбырлатып суару машиналарын жасап шығарады. Кәсіпорындардың үшеуі Түркістан облысында, екеуі Астана қаласында және Алматы мен Атырау қалаларында бір-біреуден орналасқан. Олар жылына 205 мың гектар жерді суғаруға қауқарлы 4 мыңға жуық машина шығарады. Биылдың өзінде заманауи суару жүйелері тағы 158 мың гектар алқапқа енгізілді. Бүгінде ел аумағында жалпы көлемі 702 мың гектар жер осы технологиямен суғарылады. Бұл іске инвестиция тарту жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Мәселен, Қостанай облысында америкалық жаңбырлатып суару машиналарын жергілікті жерде өндіру жобасы іске қосылған.