29 қараша елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бұл жолғы саяси науқан аралас сайлау жүйесі бойынша ұйымдастырылады. Яғни кандидаттар тек партиялық тізім бойынша емес, өзін-өзі де ұсына алады. Жалпы, Түркістан облысы бойынша 338 депутат сайланбақ. Сайлау барысын қамтамасыз ету үшін аймақта мыңнан аса комиссия жұмыс істейді. Кандидаттар құжаттарын бүгіннен бастап өткізеді. Айта кетейік, республика бойынша 228 мәслихат органы бар. Үміткерлер ондағы 3 447 мандат үшін бақ сынайды. Депутаттар 5 жыл мерзімге сайланады.
АҢСАР ӨСЕРБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Жалпы 1 қазандағы жағдай бойынша орталық комиссиясының реестріне енгізілген 1 209 мыңнан аса сайлаушы тіркеліп отыр. Ол алдыңғы Құрылтай сайлауынан өткеннен кейін 4901 адам қосымша қосылып отыр сайлауға, сайлаушылардың тізіміне. Алдағы уақытта осы сайлаушыларымыз 29 қарашада өтетін сайлауда өз дауыстарын тиісті өздерінің қажетті кандидаттарына береді