Түркістан облысы Қазығұрт ауданында кейуанананың үйін жөндеу кезінде баспана шатырынан бірнеше бума қомақты ақша табылған сәті әлеуметтік желіде кең тараған еді. Ескі үйін жөндеуге білек сыбана кіріскен шеберлер сол сәтте істің ақ қарасын анықтап алу үшін, бірден құзырлы органдарға хабар берген. Тәртіп сақшылары жүргізген тексерістен кейін, қаражаттың үй иесінің жылдар бойы жинаған өз мүлкі екені белгілі болды. Айта кетейік, жіті бақылау мен барлық жағдайлар анықталғаннан кейін ақша заңды иесіне қайтарылады.