Түркістан
EN

Түркістанда ішкі саясаттың жаңа бағыттары белгіленді

22
14.10.2026

Түркістан облысында алдағы бес жылда  ұлттық құндылықтарды дәріптеу, кітап оқуды насихаттау және қоғамдық келісімді нығайтуға басымдық беріледі. Осы мақсатты көздеген шаралар  2026-2030 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамаға енгізіліп отыр.  Бұл туралы өңір басшысы Нұралхан Көшеровтың қатысумен өткен жиында облстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева баяндады. Сондай-ақ, әкім жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне халықпен байланысты күшейтіп, түсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.