Түркістан
EN

Студенттер өндірісте тәжірибе жинақтайды

22
14.10.2026

Қожа Ахмет Ясауи атындағы университет пен Сауран ауданында күн панельдерін орнатып жатқан қытайлық компания өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім аясында инженерия факультетінде білім алып жатқан студенттер компанияның өндірістік нысандарында тәжірибеден өтіп, теориялық білімдерін іс жүзінде шыңдай алады. Әсіресе, инженерия, техникалық және энергетика бағытында оқитын жастарды білікті маман ретінде даярлауға басымдық берілмек. Студенттер ірі энергетикалық жобалардың жұмысымен танысып, халықаралық талаптарға сай тәжірибе жинақтайды. Сонымен қатар, үздік студенттерге компанияның жобаларына қатысып, болашақта жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі. Тараптар мұндай әріптестік білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, өңірде сұранысқа ие жас мамандарды даярлауға жол ашатынын атап өтті. 

РУСЛАН ЛЕСБЕКОВ  ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯНЫҢ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ

Біздің жоба халықаралық жоба болғанықтан халықаралық стандарттарға сәйкес іске асып жатқан қазақстандық ауқымды жобаның бірі. яғни бұл жерде студенттер инженер мамандықтары келіп, біздің жоба базамызды көздерімен көріп, тәжірибе алмасады. Жақсы мамандар біздің жобада қамтылады деген мақсатымыз бар. жергілікті мамандарды даярлап, жергілікті мамандарды тартуға ниеттіміз.