Түркістан
EN

Дін өкілдері арасында спорттық сайыс өтті

11
14.10.2026

Бүгін Түркістанда Рухани келісім күніне орай дін өкілдері арасында спорттық сайыс өтті. Бұл жолғы жарысқа аймақтағы аудан-қалалардан 100-ге жуық спортшы бас қосты. Сәлдесі мен шапанын спорттық киімге алмастырған дін қызметкерлерінің тартысты бәсекесі туралы әріптесім жалғастырады.

Кір тасын көтеруден бақ сынағандардың қатарында Шәкірхан Сманов бар. Ол жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін сайыстың тұрақты әрі белсенді қатысушысы. Бабы мен бағы келіскен ол бүгін де бұла күш иесі екенін танытып, кір тасын теңселмей 50 рет көтеріп, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. 

ШӘКІРХАН СМАНОВ – САРЫАҒАШ МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҰСТАЗЫ        

Негізгі 2024-тегі рекорд 100-ден асады. Склейка Мысалы 32кг-ды 55 рет көтергенде 38 дема, 32 дема гир тасы қолымнан түсіп кетейін деді. Сол жерде имам ағамыз саған деді басқа жерден күш келді. Мен де білмеймін. Алла тағала өзі сондай күш беріп қояды. Склейка Сомен жылда ойындарында осы жерде жарыстарға келіп, жүлделер алып кетіп жүреміз.