Түркістан
EN

Бәйдібек ауданында екі жеткіншек суға батып кетті

209
25.05.2022

Өзенге шомылуға барған екі жеткіншек суға батып кетті. Қайғылы оқиға Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында болған.  10 жастағы екі баланың мәйіті Бөген өзенінен табылды. Шалдар ауылының маңындағы «Бөген» өзенінің 2 метр терең жеріне түскен жасөспірімдер судан шықпай қалған. Олардың жанында болған екі бала көмекке ауылдастарын шақыртыпты. Іздеуге полицейлер мен Төтенше жағдай қызметінің 34 маманы және 11 техника жұмылдырылған. Бірнеше сағаттан соң балалардың мәйіті судан табылды. Ал олардың  киімдері мен велосипедтері өзен жағасында қалған. Қазір бұл дерек бойынша тергеп-тексеру  жүргізілуде.