Түркістан
EN

Түркістан облысында жоғалып кеткен 4 адам табылды

142
24.05.2022

Түркістанда тауда жоғалған 4 азамат табылды.  Сусіңген көлінен саяхаттап шыққан төртеу "Алтын - дән" демалыс базасына бет алған. Алайда қалың тұманнан адасып кеткен.  4 адамның жоғалғаны туралы хабар төтенше жағдайлар департаментіне кеше түнде түскен. Оларды іздеуге 17 құтқарушы, 4 полиция қызметкері мен 1 кинолог дереу кіріскен. Одан бөлек,  "Сайрам-Өгем"  ұлттық паркінің  5 қызметкері мен 2 техникасы бар. Жоғалған адамдар бүгін түнгі екіде Құлыншақты ауылынан 10 шақырым жердегі Науытсай шатқалынан табылды.  Саяхатшылар медициналық көмекті қажет етпеді, туыстарына аман-есен оралды. Осы орайда құтқарушылар таулы аймақтың қауіпті екенін ескертеді.