Түркістанда елордалық дәрігерлер балаларға күрделі оталар жасап, өңір мамандарына заманауи хирургиялық әдістерді үйретті. Балалар хирургиясы, урология және травматология салаларын қамтыған шеберлік сыныбы аясында үш балаға операция жасалды. Мамандардың мақсаты – балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырып, озық технологияларды өңірлік тәжірибеге енгізу.
Астаналық ақ халаттылардың біліктілігіне сеніп келген жанның бірі Дильноза Молдабаева. Перзентінің аяғы 3 жыл бұрын бетон араластыратын құрылғыға түсіп кетіп, жарақаттан кейінгі сүйектің қисаюы деген диагноз қойылған. Баласының жастайынан балдаққа сүйенгеніне күйінген ана талай дәрігердің алдын тоздырдым дейді. Ендігі бар үміті елордадан келген абзал жандарда.
ДИЛЬНОЗА МОЛДАБАЕВА ТҰРҒЫН
Баламда қазір оссемерид болды. Осы Астанадан жақсы мамандар келді деп, операция жасатуға келдік. Құдай қаласа операцсиямыз жақсы сәтті өтеді деген үміттемін.