Түркістан облысының Қазығұрт ауданында құны 4,3 млрд теңге болатын заманауи үлгідегі мал бордақылау кешені салынып жатыр. Жоба бір мезгілде 5 мың ірі қараны күтіп баптауға қауқары жетеді. Кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен аймақ басшысы жұмыс сапары барысында арнайы барып, танысып қайтты. 16 гектар аумақты алып жатқан кешеннің іргетасы өткен жылы басталып, ветеринариялық, санитариялық және заманауи технологиялармен жабдықталған. Жоспарланған 5 негізгі нысанның 4-еуі бүгінде толық аяқталып, пайдалануға дайын тұр. Биыл толыққанды іске қосылған кезде, 30 жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Мұндай жобалар ет өндірісін ұлғайтуға және ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дейді жауаптылар.
НҰРМАХАН АБДИБАЕВ – «ҚАРҚЫН-2030» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Бір фермада мың бас әр клеткадан 200 бастан бұл жабық. Жазды күндері ыстықта салқын болады. Қысты күндері бұл жерде жаңағы асты құрғақ болады. Екі жағында мал жем шөп жеуге ыңғайлы. Жоба ерекше. Америкаға біз өзіміз барып көрдік. Мал бағып отқандарды көрдік осындай проектпен.