Түркістан
EN

58 балабақша жұмыс істеп тұр

9
12.10.2026

Арыс қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының заман талабына сай жабдықталуына басымдық берілуде. Бұл — бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруге жол ашып отыр. Білікті мамандардың арқасында тәрбиеленушілер де облыстық, республикалық байқауларда топ жарып келеді. Өңірдегі балабақшалардың тыныс-тіршілігі туралы әріптесім тарқатады. 

Бүгінде Арыс қаласында мектепке дейінгі білім беретін 58 ұйым жұмыс істейді. Оның 10-ы — мемлекеттік, ал 48-і — жекеменшік балабақшалар. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қалада 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 99,6 пайызға жеткен. 

ӘЛІМХАН МОМБЕКОВ АРЫС ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына келер болсақ, бүгінде 58 балабақша жұмыс істейді. Оның 10-ы — мемлекеттік. Жалпы, балаларды қамту деңгейі 99,6 пайызды құрайды. Жалпы 5846 бала 6 жасқа дейінгілер. Балабақшалар ағымдағы жөндеуден өтті.»