Түркістан
EN

ТМД елдерінің басшылары Түрікменстанда бас қосты

10
12.10.2026

Түрікменстанда ТМД елдерінің мемлекет басшыларының алқалы жиыны өтті. Саммитте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді және өзара сауда-саттықтағы кедергілерді жоюды ұсынды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірлік транзит әлеуетін арттыратын жаңа көлік жобаларын таныстырды.

ТМД-ның негізі 1991 жылы Алматы декларациясымен қаланды. Арада 35 жыл өткенде ұйым елдері арасындағы сауда айналымы 40 миллиард долларға жуықтап, биыл тағы 10 пайызға өсті. Мәселен, Қазақстан Ресеймен бірлесіп 61 миллиард доллардың өнеркәсіп жобаларын жүзеге асырса, Өзбекстанмен арада 2 миллиард долларлық 80 жоба қолға алынған. Ендігі міндет өзара тауар айналымындағы негізсіз кедергілерден арылып, жоғары технологиялық өндірісті ұлғайту. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ

Атқарушы комитетке елдеріміздің үкіметтерімен бірлесіп, ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді ұсынамын. Бұл ортамерзімді перспектива. Ең алдымен, мемлекеттеріміз үшін аса маңызды басымдықтарға мән берген жөн. Олар: экономика, энергетика, инфрақұрылым, озық технологиялар және адам капиталы. Мұндай тәсіл орнықты прогреске жету жолындағы іс-әрекетіміздің үйлесімді әрі бірізді болуына септігін тигізеді.