Түркістан облысы Сайрам ауданында заңсыз ойын бизнесі тоқтатылды. Қылмыстық топ бір ғана емес, ойынхананың бірнеше нүктесін ашқан. Бұл жайт экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандарының арнайы тексеру кезінде белгілі болды. Қазіргі уақытта сол ауданның 3 азаматы ұсталып, қамауға алынған.