Түркістан
EN

5 мыңға жуық адам ағза трансплантациясына мұқтаж

5
12.10.2026

Елімізде 5 мыңға жуық адам ағза трансплантациясын күту парағында тұр. Оның 126-сы – балалар. Науқастардың 90 пайызында бүйрек жетіспеушілігі кездеседі. Бұдан бөлек, бауыр, жүрек, өкпе сынды ағзаға мұқтаж азаматтар бар. Жыл басынан бері мұндай науқастарға 200-ден аса трансплантация жасалған. Оның 42-сі қайтыс болған донорлардан алынса, қалғаны туыстық трансплантацияға жүгінген. 

МЭЛС АСЫҚБАЕВ – ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ АҒЗА ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СЕКТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Соңғы жылдары мәйіттік донордан трансплантация саны артып келеді. Алдын ала eGov жүйесі арқылы келісім білдіруге де мүмкіндік бар. Мәселен, 1-қыркүйектеге жағдай бойынша 17 158 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қарсы емес екендігін растаған.