Түркістан
EN

Президенттер ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

15
09.10.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдерінің басшыларымен бірге ұлттық тағамдар фестивалін аралады. Мәртебелі меймандар Қазақстан павильонына бас сұғып, еліміздің мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктері көрініс тапқан көрмемен танысты. Кейін Түрікменстан елі жасақтаған алаңында болып, жергілікті бақша өнімдері мен әйгілі түрікмен кілемдерін тамашалады. Мұнда оларға «Оғыздар» деп аталатын  театрландырылған қойылым көрсетіліп, ұлттық тағамдарды әзірлеу процесі таныстырылды. Фестиваль қорытындысы бойынша президенттер ТМД елдері арасында өткен «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» телебайқауының жеңімпаздарын марапаттады.