Түркістан
EN

Төлқұжаттағы чип не үшін керек екені белгілі болды

175
24.05.2022

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде төлқұжатқа қатысты вирус видеолар таралды. Оған себеп - қазақстандықтардың төлқұжат арасынан микросхеманың табылуы. Аталған жайттан кейін желі қолданушылары бірінен соң бірі  тексермекші болып төлқұжаттарын жарамсыз етіп тастаған. Чипке ұқсас құрылғы  барлық азаматтардың паспортында бар. Бұны көргендер «Олар бізді бақылайды, аңдып отыр» деп дабыл қақты. Микросхема төлқұжаттың ішкі беті мен мұқабасының астында. Ал ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, мұндай чиппен төлқұжаттар 2009 жылдан бері шығарылады. Электронды құжаттар қатарына кіретін мұндай  паспорт тек Қазақстанда  ғана емес, АҚШ, Канада, Сингапур және ТМД елдерінде  де  бар.