2026 жылғы 7 қазанда «Ayna.media.kz» ақпараттық порталының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Түркістан облысының әкімі Н. Көшеровтың Арыс қаласында өткен халықпен кездесуінде облыс басшысына мәселесін айта алмаған тұрғындар шу шығарды» тақырыбында жазба жарияланды.
Осыған байланысты әлеуметтік желіде тараған ақпарат зерделеніп, аталған жазбада көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды.
Яғни, осы бейне жазбадағы азаматтар облыс әкімінің Арыс қаласында өткізген жеке қабылдауына кіргені, тіпті 21 минут қабылдауында болғаны белгілі болды. Бұл туралы нақты делел ретінде фото және бейне материалдарды назарларыңызға ұсына аламыз.
