Ақ алтын атанған мақтаның тарихы мыңдаған жылға созылады. Табиғи талшық бүгінде әлемнің көптеген елінде өсіріліп, тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізатына айналып отыр. Ал Түркістан өңірінде мақта шаруашылығының тарихы өткен ғасырдың алғашқы кезеңдерінен басталады. Бүгінде өңірдегі мақта шаруашылығының ахуалы қандай?
РАМИС МАХМУДОВ ШАРУА
Мақта шаруашылығындағы нәтиже тек диқан еңбегіне байланысты емес. Оның артында ғылыми ізденіс пен селекциялық жұмыстар да бар. Мақтаарал ауданындағы Атакент кентінде Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді. Мұнда мамандар жаңа сорттарды зерттеп, олардың өнімділігі мен талшық сапасын бақылайды. Сонымен қатар жергілікті климат пен топырақ жағдайына бейімделген агротехнологияларды жетілдіру бағытында тәжірибелер жүргізіледі. Ғалымдардың мақсаты сапалы тұқым мен заманауи технология арқылы мақтаның өнімділігін арттыру.