Енді Түркістандық кітапқұмар жастар бір алаңда бас қосады. Мұндай зор мүмкіндікті "Оқырман ұрпақ" кітап клубы беріп отыр. Кітапсүйерлер клубы Мемлекет басшысының "Кітап оқитын Ұлт" жобасы аясында құрылған. Енді оқырмандар қазақ және әлем әдебиетінің туындыларын оқып, өзара талқылайды. Тіпті кітап авторларымен кездесіп, пікір алмасуға мүмкіндігі бар. Аймақтағы әр оқу-орны қабырғасында студенттерден құрылған оқырмандар ортасы енді үлкен клуб аясында бірігіп, жаңа ізденіске жол ашып отыр. Түрлі форматтағы білім сайыстарын да өткізу жоспарда бар дейді, ұйымдастырушылар.