Түркістан
EN

Атом өнеркәсібін дамыту мәселелері талқыланды

14
06.10.2026

Атом саласы 2050 жылға дейін бір ізге түсуі керек. Бұл бағытты дамыту жоспары бойынша Премьер Министр Олжас Бектенов жауаптылармен кеңес өткізді. Жиын барысында еліміздің атом өнеркәсібін дамытудың алдағы 20 жылдағы нақты жоспарлары талқыланды. Стратегиялық жоспарға уран учаскелерін зерттеу, геологиялық барлау және минералдық-шикізат базасын ұлғайту ісі кіреді.  Бұл тұста «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының ауқымды геологиялық барлау жұмыстары одан әрі жанданбақ. Үкімет басшысы жауапты мемлекеттік ұйымдарға кен орындарын игеруден түсетін ұлттық экономикалық пайданы арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.