Түркістан
EN

Өнерге қадам басқан «Дара ұрпақ»

12
06.10.2026

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева «Дара ұрпақ» инклюзивті театр ұжымымен кездесті. Ерекше балалар өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Қор грантының иегері атанып, жоғары оқу орнында білім алып жүрген театр мүшесі Ләззат Шыңғысбаеваға өз туындысын сыйға тартты. «Қазақстан халқына» қоры бұған дейін өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысанды жөндеуге және қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге қолдау көрсетті. Енді қор инклюзивті бағыттағы жобаларды да қолдау мүмкіндігін қарастыратынын атап өтті.