Арыс қаласында дәстүрлі «Алтын күз» жәрмеңкесі өтті. Оған шаһарға қарасты ауылдардағы 60-қа жуық шаруа қожалығы мен кәсіпкерлер өнімін ала келген. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына еңбек сіңірген азаматтар түрлі номинациялармен марапатталды. Айтулы шараға біздің тілшіміз де қатысқан болатын.