Бүгінде елімізде 12 жарым мыңнан астам әлеуметтік қызметкер бар. Оның 1106-сы Түркістан облысында еңбек етеді. Өңірдегі мамандар қазір аймақтағы мүгедектігі бар балаларға, қарттар мен ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға көмек көрсетіп жүр. Сала мамандарының нақты міндеті қандай? Көмекке мұқтаж жандарға қандай қолдау көрсетіледі? Әріптесім Айдана Дүйсенбаева баяндайды.