Түркістан
EN

Түркістандық жас футболшылар шетелдік бапкерден тәлім алуда

237
21.05.2022

Енді, футбол мектебі шәкірттеріне алаңда ойнау тәсілдерін   тәжірибесі мол шетелдік жаттықтырушылар үйретеді. Бұл өңірде бұқаралық спортты дамыту, ауыл балаларын спортқа баулу мақсатында қолға алынып отыр. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жас спортшыларға берілген  үлкен мүмкіндік. Қаланың өзінде 31 алаңша бар. Жаттығу аптасына екі реттен әр алаңда өтеді. Естеріңізде болса, биыл «Тұран футбол» академияссы құрылған болатын.  «Үздіктері сол Футбол академиясына  іріктеледі» - дейді облыс әкімінің орынбасары. Алдымен олар денсаулығын  нығайтса, бір жағынан футбол академеиясына іріктеліп алынатын болады. Жоба өңірде бұқаралық спортты дамыту үшін қолға алынған. Облыс және қала әкімдігінің бастамасымен іске асып отыр.