Түркістанда мемлекеттік қызметшілер арасында пікірсайыс өтті. Хәкім Абайдың «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» қағидасын арқау еткен ашық алаңға 16 мекемеден 50-ге жуық қызметкер қатысты. Қатысушылар алпауыт мемлекеттердің өзінде өзекті болып отырған сыбайлас жемқорлық мәселесін талқылап, оған қарсы тұрудың жолдарын ортаға салды.