Түркістан
EN

Қариялар мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

21
02.10.2026

Ордабасы ауданында Халықаралық қарттар күніне орай аға буын өкілдеріне ерекше құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Азат Оралбаев Темірлан ауылында тұратын ғасырға жуық ғұмыр кешкен тыл ардагерлері мен «Батыр аналардың» шаңырағына барып, мерекемен құттықтады. Қариялардың қал-жағдайын біліп, ізгі тілегін білдірді. Кездесу соңында ақ жаулықты аналарға арнайы сый-сияпат табысталып, гүл шоқтары ұсынылды. Өз кезегінде кейуаналар да ақ батасын беріп, елдің тыныштығы мен халықтың амандығын тіледі.