Бәйдібек ауданында модульді спорт залы ашылды. Нысан «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен бой көтерген. Енді Теректі ауылының өрендері спорттың бірнеше түрімен шынығып, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды. Қуанышты сәтке біздің түсірілім тобы да куә болып қайтқан еді.