Бүгіннен бастап елімізде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдер қабылданады. Бұл мақсатқа 200 млрд теңге қаралған. Диқандар үшін жылдық үстемақы мөлшерлемесі 5 пайыз. Айта кетейік, « Кең дала» бағдарламасы бойынша шаруаларды ерте бастан қаржыландыру тетегі кезең кезеңімен шешіліп келе жатыр. Соңғы үш жылда бұл салаға тыңғылықты көңіл бөлініп, қаржы көлемі де едәуір артқан. Бүгіннің өзінде дәнді дақылдардың 14 млн гектары жиналып, жоспардың 83%-ы орындалған. Ерте қаржыландыру шаруа иелерінің тұқым сатып алуынан бастап техникаларын алдын ала сайлауына мүмкіндік береді.