Түркістан
EN

Жол ережесіне қатысты 11 мың дерек тіркелді

22
01.10.2026

Елімізде соңғы үш тәулікте жол қозғалысы ережелерін бұзудың 11 мың дерегі анықталды. Оның ішінде 1 300 жүргізуші көлікті оқылмайтын мемлекеттік нөмірмен, ал 600-і мемлекеттік нөмірсіз басқарған. Осыған қатысты 1 100 көлік арнайы тұраққа қойылып, 800-ден астам мемлекеттік нөмірлік белгі тәркіленді. Ережеге бағынбағандардың  тізімінде  автобус жүргізушілері де бар. Ішкі істер министрлігі мұндай заңбұзушылыққа жол берілмейтінін айтып, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздікті сақтауға шақырады.