Халықаралық қарттар күні қарсаңында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Өңір басшысы аға буын өкілдерін айтулы мерекемен құттықтап, сый-сияпат табыстады. Жиында қарияларға көрсетілетін әлеуметтік қолдаудың маңызы да кеңінен сөз болды.