Маңғыстау өңірінде Каспий теңізінде болған қайғылы апаттан кейін, сарбаздардың өмірі мен қауіпсіздігі мәселесі құрылтайда қаралды. Депуттар Премьер-министр Олжас Бектеновке ресми сауал жолдап, әскери және құтқару жаттығуларына бірыңғай цифрлық жүйе енгізуді ұсынды. Бастамаға сәйкес, полигон аумағы әуеден дрондар арқылы үздіксіз бақыланып, әр қатысушыға геолокациясы бар электронды белгі, SOS батырмасы мен жүрек соғысын өлшейтін датчиктер берілуі тиіс. Егер сарбаз құлап, қозғалыссыз қалса немесе суға батса, автоматты түрде дабыл қағылады. Сондай-ақ, ауа райы, теңіздегі толқын мен желдің жылдамдығы бір орталыққа хабарланып, қауіп төнсе, дайындықты дереу тоқтату міндеттеледі. Бұдан бөлек, оқу-жаттығу өтетін жерді алдын ала мұқият тексеріп, медициналық рұқсат пен эвакуация бағыты жазылған қауіпсіздік паспортын әзірлеу ұсынылды.