Бүгін Түркістанда, Оңтүстік өңірінің ең талантты жастарын біріктірген «Ауыл спорты 2026» аймақтық турнирі басталды. Биылғы жарыстың бәсі биік, ауқымы кең. Облыстың 17 ауданынан келген спортшылар бір апта бойы өзара кім мықтыны анықтамақ. Олар спорттың сегіз түрі бойынша бақ сынап, әрі қарай республикалық турнирге жолдама алады.