Түркістан
EN

Түркі дүниесінің ортақ мұрасы

19
01.10.2026

Бакуде ұлы әзірбайжан ақыны әрі ойшылы Хағани Ширванидің 900 жылдығына арналған көркем-музыкалық кеш өтті. Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының бастамасымен ұйымдастырылған шарада ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталды. Жиын аясында ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалып, түркі халықтарының ортақ әдеби жәдігерлері, соның ішінде қазақ классиктерінің әзірбайжан тіліне аударылған кітаптары таныстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ауқымды жобалар шығыс ойшылдарының көпғасырлық әдеби мұрасын түркі әлеміне ортақ құндылық ретінде насихаттауға жол ашады.