Түркістан
EN

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

15
30.09.2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германияда Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді. Тараптар екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтып, «Орталық Азия - Германия» форматы аясындағы байланысты жалғастыруға уағдаласты. Келіссөз кеңейтілген құрамда жалғасып, сауда-экономикалық әріптестікті дамытуға баса мән берілді. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Фридрих Мерцті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Кездесуден кейін Президент пен Германия Канцлері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық байланысқа 35 жыл толуы қарсаңында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі деңгейіне қатысты пікірін білдірді.