Түркістан облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтті. Жиында өңірдің дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Облыс әкімдігі жанындағы білім сапасы жөніндегі өңірлік кеңестің құрамы бекітіліп, әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесіне өзгеріс енгізілді. Сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру ммен жасыл желекті күтіп-баптау қағидалары түзетілді. Жиын соңында облыс әкімі өңірдің даму жолында өлшеусіз үлес қосқан мәслихат депуттарына алғыс білдірді. Өңірдің дамуы үшін үлес қсоқан бірқатар азаматтарға «Түркістан облысының «Құрметті азаматы» атағын берілді.