Дарбаза-Мақтаарал теміржол желісінің құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Негізгі күш шойын рельстерді төсеуге, жұмылдырылған. Қазіргі таңда жұмыстың 98 пайызы орындалды. Қазан айында негізгі жолдарға жер төсемін, рельс-шпал торын төсеу жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Ал жаңа теміржол желісі бойынша көлік қозғалысы осы жылдың соңында сынақтан өткізіледі. Құрылыс жұмыстарына 977 бірлік техника мен 1815 жұмысшы жұмылдырылған. Айта кетейік, Дарбаза-Мақтаарал теміржол желісі елдің оңтүстігіндегі маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып табылады. Жоба Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған.