Түркістан
EN

Шымкенттегі жаңа үйлердің қабырғасында сызат пайда бола бастады

208
20.05.2022

Шымкентте жарты жыл бұрын ғана пайдалануға берілген үйлер шөгіп, қабырғасында сызат пайда бола бастаған. Өйткені мемлекеттік бағдарламамен үй салған компания ғимараттардың арасын құрылыс алаңына айналдырыпты. “Оңалту орталығын саламыз” дегендер үлкен шұңқыр қазып бассейн ашпақ көрінеді. Бірақ бұл құрылыс жұмыстарының заңсыз екені жуырда ғана анықталған. Құрылысшылар үйлердің ортасында үлкен бассейндер болады деп ашық айтыпты. Соның кесірінен қолданысқа берілгеніне жыл болмай жатып, көпқабатты үйлер қисая бастады дейді тұрғандар. Жұртты әбігерге салған компания 148 мың теңге айыппұл арқалаған. Енді құрылысты жалғастыру үшін басқа құжат дайындап аламыз деп сенімді отырған көрінеді.