Түркістан
EN

Көкөніс бағасының негізсіз өсуіне жол берілмейді

18
29.09.2026

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды. Сондай-ақ егін орағын уақтылы аяқтап, жиналған астықты ысырапсыз сақтап қалу маңызды. Ол үшін элеваторлар мен кептіргіш қуаттары толық дайын болуы тиіс. Премьер-министр Энергетика министрлігі мен әкімдіктерге , бағасы арзан отынның үздіксіз жеткізілуін бақылауда ұстауды тапсырды. Оған қоса, қысқы-көктемгі кезеңге картоп пен көкөніс қорын алдын ала келісімшарт арқылы сатып алып, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жүктелді. Ал өнімнің артылған көлемін экспортқа бағыттау қажет. Сондай-ақ ел ішінде ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге басымдық берілмек.