Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында каратэден күміс жүлдеге ие болған Әсел Қанайды түркістандықтар әуежайда зор қошаметпен қарсы алды. Жанкүйерлермен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысымен болған жүздесуде спортшы өзіне көрсетілген құрметке алғысын білдіріп, финалдық кездесудегі әсерімен бөлісті.