Түркістан облыстық балалар ауруханасына тұрмыстық техникаларда ток көзі ретінде пайдаланылатын екі бірдей батарейаны жұтып қойған тоғыз айлық сәби жеткізілді. Дәрігерлер балаға шұғыл операция жасап, бөгде заттың бірін алып шықты. Екіншісі ішек жолына өтіп кеткендіктен, мамандар баланың жағдайын бақылауда ұстады. Бірнеше күннен кейін ол табиғи жолмен шыққан. Операциядан кейін сәби үш тәулік жансақтау бөлімінде ем алып, қазіргі таңда жағдайы тұрақталған. Дәрігерлер ата-аналардан ұсақ заттарды, батарейкалар мен магниттерді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауға шақырады.