Түркістан облысы Қазығұрт ауданының кәсіпкерлері импорттық тауарларды нарықтан ығыстыратын отандық өнім шығаруға талаптануда. Мемлекеттік қолдауды ұтымды пайдаланудың арқасында қазір аймақта сұранысқа ие құрылыс материалдары әзірленеді. Сондай-ақ бау-бақша өнімдерін шетелге саудаға шығарып келеді. Қазығұрттықтардың тыныс-тіршілігін әріптесім Көркем Әбдіғали көріп қайтты.