Жол ережесін елемегендер жауапқа тартылды. Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында мопед жүргізушілеріне қатысты рейдтік іс-шара өтті. Тексеріс барысында, жол қозғалысы талаптарын елемеген бірқатар мопед жүргізушісі анықталды. Мәселен, 39 жастағы Алмас Сұлтанбаев мопедпен жаяу жүргіншілерге арналған жолмен қозғалған. Ал 22 жастағы Шыңғысхан Ерғабыл мемлекеттік нөмірсіз басқарған. Бұдан бөлек, көлік құралдарын пайдалану, тоқтату және тұраққа қою қағидаларын бұзған жүргізушілер де полиция назарынан тыс қалмады. Құқық бұзушыларға әкімшілік шара көріліп, мопедтер арнайы көлік тұрағына қойылды.