Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды. Берлинде Қазақстан Президенті сол елдің жоғары лауазымды тұлғаларымен келіссөз жүргізіп, екі жақты байланыстарды жаңа деңгейге көтеру мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ қос мемлекеттің іскер топтары қатысуымен бизнес форум өтіп, инвестициялық және экономикалық ынтымақтастықтың келешегі сөз болады. Жалпы Қазақстан мен Германия арасындағы алыс-беріс пен барыс-келіс жылдан жылға артып келеді. Былтыр қос ел арасындағы тауар айналымы 4,5 млрд АҚШ долларына жетті, экспорт көлемі 7,4 , импорт 10,3 пайызға ұлғайды. Ал биылғы бес айда 2 млрд Ақш долларына жуықтады.