Түркістан
EN

Үйінің жалғыз асыраушысын әскерге күштеп алып кеткен

314
20.05.2022

"Жалғыз асыраушымызды  әскерге алып кетпек".  Арыс қаласының тұрғыны осылай деп арнамыздан араша сұрады. Аудандағы әскери бөлімге шақырту алған Жеңіс Нұржігіт, медининалық тексеруден өтуге барған.  Сөйтсе, әскери комиссариат оны  бірден Кентаудағы облыстық жинақ пунктіне алып кеткен. Ал оның үйінде жалғыз анасынан басқа ешкім жоқ. Әпкелері тұрмыс құрып кеткен. «Науқас анасына қарайлап отырған ұлды әскерге алып кетсе, күні не болмақ?»- дейді олар. Жеңістің үш әпкесі де тұрмыста. Әкесі дүниеден озған. Ал анасы қан қысымы бойынша тіркеуде тұр. Әскердегі соңғы қайғылы оқиғаларды естіп, үйінің жалғыз ұлын жақындары  жібергісі жоқ. Жігіттің құлшынып тұрғаны да шамалы. Жағдайдың мән-жайын анықтауға Арыс қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім басшысына хабарласып көрдік. Алайда сұқбат беруден бас тартты. Ал, Заң бойынша үйдің жалғыз баласы Отан алдындағы борышын өтеуден босатылмайды. Айта кетейік, Түркістан облысында жыл басынан 2000-ға жуық  жігіт әскерге жіберілген.   Өткен жылы екі науқанды қосқанда  4000 астам бозбалаға әскерге шақыру қағазы таратылған.